Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады
Биыл 1 маусымнан бастап Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу науқаны басталады. Бұл бастама – елдің болашағына бейжай қарамайтын, жаңашыл көзқарасымен ерекшеленетін, білікті әрі белсенді жас көшбасшыларды мемлекеттік басқару жүйесіне тартуға бағытталған маңызды қадам.
Президенттік жастар кадр резерві – еліміздің дамуына тың серпін беретін, қоғамдық мүдделерді басшылыққа ала отырып, өзгеріс енгізуге дайын жаңа формация өкілдерін анықтауға арналған жоба. Іріктеу ашықтық, әділдік және бәсекелестік қағидаттарына сүйене отырып жүзеге асырылады.
Резервке енген қатысушыларға мемлекеттік қызметте, ұлттық компанияларда және өзге де жауапты салаларда жетекшілік қызметтерге тағайындалуға мүмкіндік беріледі.
Іріктеу туралы толық ақпарат пен талаптар Президенттік жастар кадр резервінің ресми сайтында жарияланады.
#АбайОблысыБілімБасқармасы

03.04.2025
Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2025 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі Орта білім комитетіне сілтеме жасап.
ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес, 1-сыныпқа ата-анасының өтініші бойынша балалар 6 жастан бастап қабылданады. Құжаттарды мемлекеттік egov.kz электрондық үкіметі, жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы, сондай-ақ қағаз нұсқада 1 сәуір - 31 тамыз аралығында тапсыруға болады.
Қазақстан азаматтары үшін Жалпы білім беретін орта мектепке қабылдауға қажетті құжаттар тізімі:
1)ата-ананың немесе заңды өкілінің өтініші;
2) №065-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама және №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;
3)өлшемі 3х4 см сурет (2 дана)
Шетел азаматтары үшін:
Ата-аналар немесе басқа заңды өкілдер Қазақстанда уақытша немесе тұрақты тұруы керек. Шетелдіктер мектепке Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығы туралы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы құжаттарды ұсынуы керек.
Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.
Құрметті ата-аналар! Құжаттарды тапсыруды соңғы күндерге қалдырмай, балаңызды мектепке беруді алдын ала ойластыруға шақырамыз!
87771521159
Кабдыкаримово М.А.