AA+
Абай облысы, Курчатов қ, Тәуелсіздік көшесі, 10
+7 (72251) 3-34-56
Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «№2 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
AA+
Курчатов қаласының «№2 ЖББОМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер!

Абай ауданының аумағында 2025 жылдың 27 тамыз және 10 қыркүйек аралығында «Бақытты отбасы – бақытты ел» акциясы өткізілуде.
Республикалық «Бақытты отбасы – бақытты ел» акциясы аясында Абай ауданы полиция бөлімі қызметкерлері жергілікті атқарушы органдар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерімен бірлесіп, отбасы институтын нығайтуға және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған 8-9 сыныптармен кездесу өткізілді.
Акция барысында азаматтарға Қазақстан Республикасының әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамалары түсіндіріліп, отбасындағы жанжал жағдайында көмек алу тәртібі баяндалуда, сондай-ақ жедел қызметтердің және сенім телефондарының байланыс нөмірлері берілді.
Арнайы назар жас ұрпақты тәрбиелеуге, отбасындағы өзара құрметті қалыптастыруға және халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға аударылды.
«Берік те бақытты отбасы – қоғам тұрақтылығы мен игілігінің негізі. Біз тек бірлескен күш-жігер арқылы сенім мен өзара құрмет атмосферасын қалыптастыра аламыз», – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Пікірлер қосу