№2 ЖОББМ «5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі» тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді. Кеңестің мақсаты: 5-сынып оқушыларының мектепте бейімделу процесін анықтау. Келесі міндеттер қойылды: 5-сынып оқушыларының бейімделу кезеңінде пайда болған негізгі мәселелерді анықтау, 5-сынып оқушыларымен алдағы уақытта жүргізілетін жұмыс бағыттарын айқындау.