AA+
Абай облысы, Курчатов қ, Тәуелсіздік көшесі, 10
+7 (72251) 3-34-56
Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «№2 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
AA+
Курчатов қаласының «№2 ЖББОМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер!

Ата-аналардың балаларды тәрбиелеуде педагогикалық қолдау аясында N°2 ЖББОМ КММ-де “Ақпараттан ақ-қараны ажырату өнері. Жасөспірімнің желідегі әрекеті” такырыбында сабақ өтті.

Мақсаты: интернет ресурстарын қауіпсіз пайдалану мәселесі бойынша ата-аналардың білімін арттыру.

Сабақ барысында интернет желілерін қауіпсіз пайдалану бойынша дәріс берілді. Жиналыстың қатысушылары топтық тапсырмаларды орындап, жеке сұрақтар қарастырылды.

Сондай-ақ әр түрлі жағдаят пен жалған ақпараттарды шешу жолдары талқыланды.

Жиналыс қорытындылаумен аяқталды. Келген ата-аналарға ақпараттан ақ-қараны ажырату дағдыларын күнделікті өмірде қолдану үшін сайттардың атауы көрсетіліп, жадынамалар таратылды.

#оқуағарту_министрлігі
#ата_аналарды_педагогикалық_қолдау_орталығы_абай_облысы