AA+
Абай облысы, Курчатов қ, Тәуелсіздік көшесі, 10
+7 (72251) 3-34-56
Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «№2 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
AA+
Курчатов қаласының «№2 ЖББОМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер!

Ағымдағы жылдың 23 мамыр күні Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «№ 2 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ-де «Ата-ана, ұстаз, оқушы: болашаққа бағытталған ынтымақтастық» атты ата-аналар форумы өтті. Форум мақсаты - ата-анамен мектеп қарым-қатынасын күшейту, отбасы құндылықтары мен ұлттық рухани байлықтарды дәріптеу.
Форумға қатысушылардың назарына мектепте жыл бойына атқарылған ауқымды жұмыстары туралы бейнеролик ұсынылды. Форумда ата-аналардың мектеппен, қоғаммен байланыстары жөнінде мәселелер айтылды. Мектеп директоры А. Б Утовлинова мектеп өміріне белсене араласып,өз үлесін қосқан ата аналарды және жүлдегер оқушылардың ата - аналары Алғыс хаттармен марапаттады. Мектеп оқушылары ,ұстаздары форум қатысушыларына ән шашу арнады.Жаңа оқу жылы жаңа жетістіктерге мол болсын!

https://www.instagram.com/reel/C7WVM1ytMM-/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==