31 қазанда №2 ЖББОМ КММ - де ата - аналарды педагогикалық қолдау орталығының ашылуы өтті. АПҚО мақсаты: балаларды оқыту және тәрбиелеу, сондай - ақ ата - аналарда жағымды мәдениетті дамыту мәселесі бойынша мектептің ата - аналармен өзара іс - қимылын күшейту. Іс - шара барысында танысуға арналған тренингтік жаттығу өткізілді, онда ата - аналар өздерін таныстырып, АПҚО жұмысынан өз үміттерін білдірді, «Ұрпақты тәрбиелеуде не маңызды: кеше, бүгін, ертең...» сұрағы бойынша топтық жұмыс жүргізілді. Іс - шара қорытындысы бойынша рефлексия өткізілді, онда ата - аналар АПҚО туралы өз пікірлерін білдірді. Соңында ата - аналар «Отбасы - мектеп» атты белсенді және өзара жұмыс жасау үшін мотиваторлар алды.
#шқо
#біртұтастәрбие
#атаанақолдауорталығы
https://www.instagram.com/reel/CzGYIymNZsW/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA