Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің«№ 2 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ - де ата - аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысы аясында 5-7 сынып ата - аналарымен тренинг өткізілді. "Баланың бас ұстазы - ата - ана. Позитивті ата - ана болу: тыңдау, есту, өзін естірте білу" тақырыбындағы тренингте ата - аналар бала бойындағы ерекшеліктермен, бала мен ана арасындағы байланыспен бөлісті. Қызықты ойындар мен ашық әңгіме ата - аналарға жақсы әсер қалдырды. Жиналысты сынып жетекшілері М. С. Адилханова және Б. Ж. Әлімбетова ұйымдастырды.
#атаанапедагогикалыкқолдаужобасы
#атаанапедагогикалыкқолдаужобасы
#біртұтас_тәрбие
https://www.instagram.com/reel/Cz_fvSUNsEK/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA