11 қазанда мектеп кітапханасының кітапханашысы мектеп оқушыларымен «Бердібек Соқпақбаев шығармашылығындағы балалық шақ әлемі» атты әдеби шолу өткізді.
Кітапханашы 2024 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақтың көрнекті жазушысы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаевтың шығармалары оқуға ұсынылатынын қысқаша айтып өтті.
Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы ЮНЕСКО-ның есте қаларлық даталар күнтізбесіне енді.
Қазақтың көрнекті жазушысы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев 1924 жылы 15 қазанда Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостөбе ауылында дүниеге келген. Балалар викториналық сұрақтарға қызығушылықпен жауап берді.
Шараға 5 «Б» сынып оқушылары қатысты. Сынып жетекшісі Асайнова Мунира Нұрбекқызы.