AA+
Абай облысы, Курчатов қ, Тәуелсіздік көшесі, 10
+7 (72251) 3-34-56
Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «№2 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
AA+
Курчатов қаласының «№2 ЖББОМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер!

Қысқы мерекелер мен демалыстардың қауіпсіз өтуі үшін №2ЖББОМ - нің 1-11 сынып оқушыларымен қысқы демалыс кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігі туралы профилактикалық әңгімелер өткізілді. Қысқы демалыс - бұл көптеген қызықты іс - шаралармен және сонымен бірге көптеген қосымша тәуекелдермен ерекшеленетін керемет уақыт. 1-11 сыныптарда "Жол ережесінде каникул жоқ!", "Су айдындарының мұзымен жүрме", "Көктайғақ неге қауіпті" тақырыбы бойынша білім алушылармен ЖҚЕ бойынша нұсқамалар, әңгімелер, сынып және тәрбие сағаттары өткізілді.". Оқушылар сынып жетекшілерімен бірге өрт қауіпсіздігі ережелерін талдап, жаңа жылдық мерекелер мен қысқы демалыс кезінде қауіпсіздік ережелерін еске түсірді, мұз айдынында, мұз сырғанағында, сондай - ақ көктайғақ кезінде жүріс - тұрыс ережелерін, қыс мезгілінде жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін еске алды. Сынып жетекшілері балалармен құқықтық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша әңгімелер өткізді. Оқушылар мен олардың ата - аналары тақырыптық жадынамалар алды.