2024 жылдың 5 қаңтарында №2жалпы білім беретін орта мектебінде «Сынып жетекшінің «үздік» болуына не кедергі ?» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңесте сынып жетекшілерінің ережелері мен туындаған мәселелері талқыланды. «Мұғалімдердің эмоционалдық күйзелісі» тақырыбы қозғалып, эмоционалдық фонын дамыту мақсатында нейрожаттығулар өткізілді. Тәжірибелік бөлімде «Сынып жетекшісі болу...........», «Оқушылармен қарым-қатынаста ең бастысы...», «Ата-анамен қарым-қатынаста ең маңыздысы не?» деген сұрақтармен жұмыс жасадық. Кеңес соңында танымдық бейнеролик көру арқылы рефлексия жүргізілді. Қорытындысы бойынша мұғалімдерге жадынамалар таратылды.
https://www.instagram.com/reel/C1t8DaaN6r4/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA