AA+
Абай облысы, Курчатов қ, Тәуелсіздік көшесі, 10
+7 (72251) 3-34-56
Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «№2 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
AA+
Курчатов қаласының «№2 ЖББОМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер!

«Терезедегі БАҚ» ЭКО – жобасы, 0 «Б» мектепалды даярлық сыныбы. Жобаға қатысушылар: мектепалды балалар, ата-аналар, тәрбиеші. Жобаның ұзақтығы: 2 ай.

Мақсаты: балалардың бөлме жағдайында мәдени өсімдіктерді өсіру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын қалыптастыру, балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, топта бақшасын құру. «Терезеде көкөніс бақшасын» құру балалардың қызығушылығы мен байқағыштығын дамытуға ықпал етеді, өсімдік өмірін жақсы білуге көмектеседі, эстетикалық сезімдерді дамытады. Балаларды біз өсімдіктер әлеміне құрметпен қарауды, еңбекке құрметпен қарауды қалыптастыруды жалғастырамыз. Біздің эко жобамызды іске асыруға белсенді қатысқаны үшін ата аналарға үлкен рахмет.